Қазақ қаріп қоры
Қазақ әріптерін толық қолдайтын тегін қаріптер, дизайнерге құралдар және типография туралы мақалалар — бәрі бір жерде.
Journal
Барлық мақала →Стиль таңдаңыз
Қазақша шрифттер бір жерде
Qarip — қазақ тілін қолдайтын қаріптердің (шрифттердің) тегін қоры. Мұндағы әр шрифтте қазақ әліпбиінің ерекше әріптері бар: Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, Һ, І. Сондықтан мәтінде бөтен қаріппен шыққан «секірген» әріптер болмайды.
Шрифтті өз мәтініңізбен тексеріп, барлық стилін көріп, лицензиясын оқып, бір батырмамен ZIP архив ретінде жүктей аласыз. Каталогта кесілген (sans serif), кертілген (serif), көрнекі, қолжазба және басқа шрифттер бар — логотипке, тақырыпқа, баспаға және сайтқа.
Сонымен қатар тегін құралдар бар: шрифт тестері, TTF/OTF/WOFF2 конвертері, қаріп үйлесімі, қазақша пернетақта және типографиялық юникод таңбалары.
Категориялар: Кесілген қаріптер (sans serif), Кертілген қаріптер (serif), Көрнекі қаріптер (display), Қырлы қаріптер (slab serif), Қолжазба қаріптер, Бірке қаріптер (monospace).


